Тегін домен алғыңыз келе ме? Мұнда келіңіз! Интернет кеңеюде:)

Бүгін мен сіздермен өте құпия мағлұматпен бөлісейін деп отырмын! Біреуіңізге болмаса, басқаңызға пайдасы болар деген ойдамын. Тегін нәрсе күнде келіп жатқан жоқ қой:)
Осындағы отырған азаматтардың көбісі блогшы немесе сайты бар екендіктері мәлім! Кей жағдайда өз блогымыздың аты ұзақ, немесе 3 дәрежелі доменде ( www.urimtal.wordpress.com, www.azanbekov.wordpress.com, www.qisyq.wordpress.com)тұрғанына іштей көңіліміз толмайтын кездеріміз де болып жатады! Немесе кейбір жаңадан сайт жасап бастаған веб девелоперлер домен ақысына қиналып (әртүрлі себеп бар ғой: мүмкін ақша шығарғысы келмей, kz торабында қалаған домені бос болмай) қалатын кездер де жиі кездеседі!
Енді ол жағдайларды ұмытыңыз дегім келеді! Интернетте жүріп мынадай қызық ресурсқа кезіктім www.dot.tk (әуелі постты оқыңыз). Мүнда бір қызығы .tk домені кез-келген адамға тегін беріледі екен! Сізден тек қана тіркелу талап етіледі! Осылайша жаңа доменіңізді өз атыңызға тіркеп 2 дәрежелі доменнің толыққанды иегері атанасыз! Осы постым көптен бері «қайдан тегін домен алсақ болады» деп құлағымды шірітіп жүрген Мырқымбайларға (Бауыржан Жакашев ағамыз айтпақшы) жауап болады деп ойлаймын!
Мен Ербол Азанбектің блогы тіркеп көрдім. Суреттер сөйлесін:) Әуелі тіркеліңіз!*1) «Жаңа домен қосу» пернесін басасыз
2) Керекті доменнің атын енгізесіз
3) «Әрі қарай» пернесін басасыз

4) Мына шыққан терезеден «Тегін домен» деген жерге белгі қойып, «әрі қарай» пернесін басасыз!

5) Ресурсыңыздың атын енгізесіз (блогыңыз, сайтыңыз)
(* Жеке хостингі барлар (мүмкін тегін) DNS-терін жалғаса болады)
6) Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
7) «Әрі қарай» пернесін басасыз

Маған алғыс айтып жатыр:)

Браузерден өзіңіз тіркеген адресті теріп кірсеңіз болғаны

Құттықтаймын! KZ зонасында болмаса да, жап-жақсы сайтыңыз бар:)))

@Erbol ға рыспек:) Тіркелсеңіз өзіңізге қайтарып беремін доменіңізді:) Кейбіреулер сияқты емеспіз:)

  1. #1 by Абзал on Мамыр 27, 2011 - 4:58 тк

    Садык, доменинди билмеймин, маган «блогта» жумыс жасауды уйретши, отиниш…

  2. #2 by ernurrrr on Ақпан 11, 2013 - 6:04 тк

    magan tk domenin jalgau kerek edii

  3. #3 by ernurrrr on Ақпан 11, 2013 - 6:06 тк

    маған тк доменін жалғау керек едііі

Пікір қалдыру